20-ақпан күні қаламыздың "Горняк" мәдениет үйінде тілдер орталығы мен мәдениет үйінің қызметкерлері бірігіп Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтілді. Іс-шараға мектеп, колледж оқушылары ат салысты. Біздің оқу ордамыздан Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әбдіғаппарова Жадыра Талғатқызы, Бастауыш білім беру мамандығының 1-курс студенттері Мажитова Ділнәз, Сахиева Лаура, Салованюк Анна қатысты. Мерекелік іс-шараның басында колледжіміздің директоры Г. К. Идрисоваға қалалық әкіміміздің атынан алғыс хат берілді.